Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді бар! Мен саған жар болып, айтатын сөздеріңді үйретемін, — деп бұйырды. Содан Жаратқан Ие Мұсаға жауап беріп былай деді:— Біліп ал: Мен сені перғауынның алдында Құдай (іспетті құдіретті) етемін, ағаң Һарон (хабарыңды жеткізуші) пайғамбарың болады. Сен өзіңе бұйырғандарымның бәрін оған айтасың, ал Һарон перғауынға өз елінен Исраил халқын босатып жіберсін деп айтуға тиіс. Жаратқан Ие Балағамның аузына айтатын сөздерін салып, оған:— Енді Балаққа қайтып бар да, оған осы хабарымды жеткіз, — деп бұйырды. Балағам:— Жаратқан Ие маған не бұйырса, дәл соны ғана айтуым қажет емес пе? — деп жауап берді. Мұнан кейін Жаратқан Ие Балағамды кездестіріп, оның аузына айтатын сөздерін салып беріп былай деп бұйырды: «Балаққа қайтып бар да, оған осы хабарымды жеткіз!» Ал өзің осы жерде Менің қасымда қал. Мен саған айтып беретін барлық өсиеттерім, ережелерім және шешімдерімді сен халыққа үйрет. Мен өздеріңе мұралық меншікке бергелі тұрған елде олар бұларды орындайтын болсын». Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. Патшаның алдына барып, оған былай де», — деп, Жоғаб оған не айту керек екендігін үйретті. Аузыңа сөздерімді саламын. Сені қолымның аясында ұстап қорғаймын. Аспанды күмбездей орналастырып, жердің негізін салып бекіткен Өзіммін. «Сен өз халқымсың» деп Сионды қайтадан қамқорыма алатын да Менмін».
Выбор основного перевода