Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайдың еркін білуге көмекші құрал болатын кеуде қалта жасалсын. Ол да жеңсіз сырт киім сияқты алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын. Қалта ені мен көлденеңі бір қарыстан төрт бұрышты екі қабат етіп дайындалсын. Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалсын: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд, екіншісіне лағыл, сапфир, алмас, үшіншісіне жақұт, жүзақ, аметист, ал төртінші қатарға зүбәржат, оникс, яспис тастарын алтын жиектемелерге безендіріп қондырғыз. Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылсын. Кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып екі шынжыр бау өргізгеннен кейін екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның жоғарғы екі бұрышына бекіттір. Өрілген екі алтын шынжыр бау қалтаның жоғарғы екі бұрышындағы алтын шығыршықтардан өткізілсін. Екі баудың қалған ұштары екі жиектемеге бекітілсін, сонда олар иық жапсырмаларымен алдыңғы жақтан байланысады. Тағы екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекіттір. Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасат. Олар сырт киімнің алдыңғы жағында, оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан, белбеудің үстінен бекітілсін. Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылсын. Сонда кеуде қалта өз орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болады.
Выбор основного перевода