Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса жиналған бүкіл Исраил қауымына сөзін жалғап былай деді: «Жаратқан Ие сендерге мынаны тапсырды: Араларыңдағы шебер атаулының барлығы келіп, Жаратқан Иенің тапсырғандарының бәрін де жасап дайындасын: Оның жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырды, соның төбесіндегі жапқышын, ілгектері мен ілмек шығыршықтарын, бөренелерін, сырықтарын, бағаналары мен тағандарын; сондай-ақ, Келісім сандығы мен екі жағындағы сырықтарын, бетіндегі қақпағын және оны көзден тасалап тұрған шымылдықты; (нан тартулары қойылатын) үстел мен сырықтарын, соған қажетті ыдыстарын және ұсынылатын нан тартуларын; жарық түсіретін (жеті шырақты) шам қойғышты, қосымша құрал-саймандарын, шамдарын және жағуға қажетті майды; түтету үстелі мен сырықтарын, жағу рәсіміне арналған майды, түтетілетін хош иісті заттарды; киелі шатырдың кіреберісіндегі шымылдықты, шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді, оның қола торын, сырықтары мен қажетті құрал-саймандарын; (тазару рәсіміне арналған) қола қазан мен тұғырын; ауланы қоршайтын бағаналарды тағандары, перделерімен қоса, сондай-ақ ауланың кіреберісінің перделерін, шатырдың және ауланың қазықтары мен арқандарын, қасиетті орында қызмет атқарғандардың әдемі тоқылған киімдерін және діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарының арнайы киімдерін дайындасын».
Выбор основного перевода