24
Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді.