Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін ағаң Һаронға арнайы киімдер тіккіз. Һаронның Менің қызметіме бағышталып тағайындалу рәсімі кезінде киетін сол киімдерін дайындау жайында Өзім ерекше дарынға кенелткен барлық парасатты адамдарға нұсқау бер. Олар жасап дайындауға тиіс киімдер мыналар: төс қалта, жеңсіз сырт киім, сырт көйлек, бедерленіп тоқылған ұзын көйлек, сәлде және жалпақ белбеу. Маған діни қызмет көрсетулері үшін ағаң Һарон мен оның ұлдарына арнап шеберлер осы киімдерді дайындасын. Сол үшін алтын талшықтар, әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптер қолданылсын. сондай-ақ, кестеленіп тоқылған киімдерді: діни қызметкер Һаронның арнайы киімдерін және оның ұлдары діни қызмет атқарғанда киіп жүретін киімдерді, қасиетті орында қызмет атқарғандардың әдемі тоқылған киімдерін және діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарының арнайы киімдерін дайындасын». Қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптері мен ешкінің түбіті, қызыл түске боялған қошқар терісі әрі борсықтың терісі барлары да соларын әкеліп берді. Жіп иіре алатын шебер әйелдер қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн не жіңішке зығыр жіптерді өз қолдарымен иіріп әкелді.
Выбор основного перевода