Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Періштем сендерді ағы мен балы ағыл-тегіл сол жерге бастап алып барады. Бірақ Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын. Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар, сондықтан сендерді жолшыбай қырып тастауым қажет болар еді». Себебі Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырған болатын: «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар. Мен араларыңда бір-ақ сәт бірге жүретін болсам, сендерді жоқ қылуым қажет болар еді. Қазір әшекейлеріңді шешіп тастаңдар. Ал Мен сендермен не істеуді ұйғарамын». — Уа, Ием, егер Сен маған риза болсаң, онда Өзің арамызда жүріп жар бола гөр. Бұл — тоңмойын қыңыр халық. Әйтсе де, жасаған әділетсіз істеріміз бен күллі күнәларымызды кешіріп, бізді Өзіңнің меншікті халқың ретінде қабылдай гөр, — деп өтінді. Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Мына халық Мені қашанға дейін менсінбей жүре береді? Мен олардың көз алдында құдіретімді дәлелдейтін қаншама кереметтер жасаған болсам да, олар қашанға дейін Маған сенбей жүре бермек?! Енді Мен бұл халыққа індет жіберіп, құртамын. Содан кейін сенің өзіңнен олардан да көбірек әрі күштірек халықты өрбітемін! Ал Мұса Жаратқан Иеге былай деп сиынды:— Сонда мысырлықтар бұл туралы еститін болады! Сен осы халықты Өзіңнің құдіретіңмен олардың арасынан алып шықтың ғой! Олар мұны Қанахан елінің тұрғындарына айтатын болады. Уа, Жаратқан Ие, Сенің осы халықтың ортасында екендігің жайлы олар естіген. Уа, Ием, Сенің адамның көзіне көрініп аян бергенің әрі өз бұлтыңның халқыңның үстінде қалықтап тұрғаны да олардың құлақтарына шалынған. Сенің күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жалындаған от бағанасының ішінде халқыңның алдында жүргендігің туралы да олар хабардар. Бірақ егер Сен мына халықты бір адамын да қалдырмай қырып тастасаң, онда Өзің туралы естіген бөтен халықтар: «Әне, көрдің бе, Жаратқан Ие сол халықты оларға беруге Өзі ант еткен елге жеткізе алмапты. Сол себепті Ол халықты елсіз далада қырып тастапты» деп Сені табаламақ. Сондықтан да, уа, Ием, Сенің зор құдіретің көріне түссін! Өзің сол туралы былай деп едің ғой: «Жаратқан Ие тез қаһарланбайды,Ол сондай сенімді де қайырымды,Көтеріліс пен теріс қылықтардыТіпті кешіруге дайын тұрады!Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды,Ол аталарының кінәлары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Өзіңнің ұлы да берік мейіріміңе сай осы халықтың кінәсін кешіре гөр! Оларды Мысырдағы кездерінен бастап қазірге дейін осылайша кешіріп келдің ғой. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп жауап берді:— Жарайды, сенің өтінгеніңдей Мен оларды кешіремін. Ендеше жүректеріңді күнәдан арылтып, Жаратқан Иенің бізбен жасаған Келісімін естеріңде ұстап, бұдан былай тоңмойын болмаңдар. Енді олар сияқты қиқарлыққа салынбаңдар! Жаратқан Иеге мойынсұныңдар! Оның мәңгілікке Өзіне бағыштаған киелі үйіне келіп, Оған қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерге деген қаһарынан қайтпақ. Ей, қасарысқандар! Құдайға шын жүректен бағынбай, Оның сөзіне құлақ салмайтын сіздер болып тұрсыздар. Ата-бабаларыңызға ұқсап Киелі Рухқа әлі де қарсы шығып келе жатырсыздар.
Выбор основного перевода