Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзіңнің ұлы да берік мейіріміңе сай осы халықтың кінәсін кешіре гөр! Оларды Мысырдағы кездерінен бастап қазірге дейін осылайша кешіріп келдің ғой. Өмір кітабынан өшірші есімдерін,Әділдер тізіміне олар тіркелмесін. Дегенмен жындардың өздеріңе бағынғандығына емес, есімдеріңнің көктегі кітапқа тіркелгендігіне қуаныңдар. егер қанымыз бір бауырлас яһуди халқының сенімге келуі үшін менің қарғысқа ұшырап, Мәсіхтен аластатылуым қажет болса, соған да дайын болар едім. Иә, адал серігім, сенен де сұраймын: осы екі әйелге көмек көрсетші. Олар Ізгі хабарды таратудағы күресіме ортақтасып, Кілемент пен өзге қызметтестеріммен де бірге істесті. Солардың есімдері көктегі Мәңгілік өмір кітабына жазылып қойылған. Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады. Жеңіп шыққан әркім солар сияқты аппақ киім киетін болады; Мен оның есімін Мәңгілік өмір кітабынан өшірмей, Әкемнің және Оның періштелерінің алдында ашық мойындаймын. Жер бетінде тұратын (күнәкар) адамзат түгелдей, яғни құрбандыққа шалынған Тоқтының Мәңгілік өмір кітабына әлем жаратылмас бұрын есімдері жазылғандардан басқасының бәрі де, оған құлшылық ететін болады. сен көрген айуан бір рет өмір сүрді. Ол қазір өмір сүрмесе де, түпсіз тұңғиықтан шықпақшы. Ал кейін ол құртылып кетпек. Күнәкар дүниенің тұрғындары, яғни әлемнің жаратылған кезінен-ақ «Мәңгілік өмір кітабына» есімдері жазылмаған адамдар, айуанға қарайды. Олар оның бір рет өмір сүріп, қазір өмір сүрмей, ал кейін қайтадан пайда болатынына таңғалады. Ал арамдардың, жексұрын қылықтар жасап, жалған айтатындардың ешқайсысы да қалаға кірмейді. Тек Тоқтының «Мәңгілік өмір кітабында» есімдері жазылғандар ғана енетін болады.
Выбор основного перевода