Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Мұса бұлттың ортасына кіріп, таудың басына көтерілді. Қырық күн, қырық түн бойы ол сонда болды. Бұл менің Жаратқан Иенің өздеріңмен жасаған Келісімінің тас тақташаларын қабылдап алу үшін тауға шыққан кезімде болған еді. Сол жерде мен қырық күн, қырық түн болып, еш нәр татпай, су да ішкен жоқпын. Олар Һароннан: «Бізге алдымызда жүріп отыратын тәңір мүсіндерін жасап беріңіз! Өйткені бізді Мысыр жерінен бастап алып шыққан ана Мұсаға не болғанын білмейміз», — деп талап етті.
Выбор основного перевода