Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды. Пінехес исраилдік ер адам мен сол әйелдің артынан шатырға кіріп, екеуіне де найзасын сұғып алды. Найза еркекті тесіп өтіп, әйелдің ішіне қадалды. Осылай Пінехес исраилдіктердің басына түскен індеттің бетін әрі қайырды. Ал індеттен қаза тапқандардың саны жиырма төрт мыңға жеткен еді. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес Менің исраилдіктерге деген қаһарымды басты. Ол солардың арасында Менің абыройымды Өзім іспетті жан сала құлшына қорғады. Сол себепті Мен Исраил халқының бәрін бірдей қаһарыммен қырып тауысқан жоқпын. Сондықтан оған мынаны айт: Біліп қой, Мен сенімен амандық пен тыныштық туралы Келісімімді жасамақпын. Мен Елазардың өзін және одан кейінгі ұрпақтарын әрқашан діни қызметкер қыламын деп уәде беріп Келісімімді бекітемін. Себебі ол қызмет еткен Құдайының абыройын жан сала қорғап, Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазартты». Бір ағайының, тіпті бір анадан туған ағаң не інің, немесе өз ұл-қызың, сүйікті әйелің не жаныңдай жақсы көретін досың құпия түрде саған: «Жүр, басқа тәңірлерге барып табынайық!» — деп азғыруға ұмтылады дейік. Ал сол тәңірлерді не өзің, не ата-бабаларың еш білген жоқсыңдар. Сондай адам сені төңірегіңде: алыс не жақын, жердің ана не мына шетінде тұрып жатқан халықтардың тәңірлеріне табынуға еліктірсе, онда оған еш көнбе, сөздеріне құлақ та түрме! Осындай азғырушыны еш аяп-мүсіркеме, оны қолдап-қорғаушы да болма! Қайта, оны міндетті түрде өлтіру керек. Оған қарсы бірінші болып қол көтеретін сен бол, сенен кейін бүкіл халық та солай істесін. Қорғау үшін сөздерің мен КелісіміңдіӘке-шешелерінің тілегін елемеді,Олар ағайындыларын да танымады,Тіпті өз балаларын да мойындамады. Егер қайтадан бір пайғамбар пайда болса, туған әке-шешесі оған: «Жаратқан Иеден келген хабар деп өтірік айтып жүргендіктен сен өлуге тиіссің!» деп сақтандырады. Ал егер жалған пайғамбарлық сөз айтып тұрса, әке-шешесі оны түйреп өлтіреді.
Выбор основного перевода