Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың тәңірлеріне табынбаңдар, әрі істегендеріне еліктемеңдер! Қайта, олардың тәңір мүсіндерін талқандап, тас бағаналарын қиратыңдар. Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,Өзіне қарсы шығып теріс қылықтардыЖасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,Аталарының теріс қылықтары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Менен, Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын. «Жаратқан Ие тез қаһарланбайды,Ол сондай сенімді де қайырымды,Көтеріліс пен теріс қылықтардыТіпті кешіруге дайын тұрады!Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды,Ол аталарының кінәлары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Себебі Құдайларың Жаратқан Ие жалмап қоятын от іспетті! Ол — басқа еш нәрсеге табынуларыңа төзбей, Өзіне адал болуларыңды талап ететін Құдай! Ешуаның халыққа берген жауабы мынау болды:— Жоқ, сендер Жаратқан Иеге (шынымен) қызмет ете алмайсыңдар. Өйткені Ол — киелі Құдай, Өзінен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбейтін Құдай. Ол сендердің бас көтеріп, күнә жасай бергендеріңді кешірмейді. Әділетсіз істері ата-бабасыныңЖаратқан Иенің есіне салынсын,Шешесінің күнәсі де кешірілмесін, Енді сол ағашты адам отын етеді. Бір бөлігін отқа жағып, жылынса, басқасымен нан пісіреді. Ал қалған ағаштан «қуыршақ тәңірін» ойып мүсіндеп, соған иіліп табынады! Адамдар жай мүсін жасап алып, оның алдына жерге жығылып құлшылық етеді! Ешқайсысы бұларына ой жібермейді, оларда қажетті білім мен түсінік жоқ. Сол себептен: «Мен жартысын отқа жағып, қоламтасына нан пісіріп, ет қуырып та жедім. Ал қалдығынан жексұрын тәңір мүсінін жасап, сол бір ағаш кесегіне табынғаным қалай?!» — демейді. Өзіңнің рақымыңды мыңдаған адамдарға көрсетесің, ал әкелерінің кінәларын балаларының мойнына да саласың. Уа, ұлы да құдіретті Құдай, Сенің есімің — «Әлемнің Иесі!» Жаратқан Ие — Өзінен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбейтін әрі арам істің қарымтасын қайтаратын Құдай. Ол зұлымдықтарды жазалап, оларға ашуланады. Жаратқан Ие жауларына лайықты жазаларын тартқызып, дұшпандарының қылмыстарын есінен шығармайды.
Выбор основного перевода