Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын! Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама! Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Өз атын орынсыз қолданғандарды Жаратқан Ие жазасыз қалдырмайды. Құдай Иең саған өсиеттегендей, демалыс күнін Оған бағыштауды сақтайтын бол! Қайта, Жаратқан Ие сендерді сүйгендігінен әрі ата-бабаларыңа берген антына бола ғана таңдап алды. Содан Өзінің құдіретті қолымен сендерді Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елдегі құлдықтан азат етіп, алып шықты. Мұса халыққа былай деді:— Құлдықтың құрсауы — Мысырдан құтылған осы күнді еске алып отырыңдар. Өйткені Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен сол жерден бастап алып шықты. Осы күні ашытқымен дайындалған тамақ жемеңдер! Сендерді мысырлықтардың құлдығынан азат етіп, Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Мойындарыңа салынған құлдықтың мойынтұрығын Мен сындырдым, бойларыңды тік ұстап жүре алуларыңа мүмкіндік бердім. Мен Жаратқан Ие — бірден-бір Тәңірлеріңмін,Мысыр елінен алып шыққан Иелеріңмін.Ал енді, ауыздарыңды ашыңдар айқара,Мен оларды толтырамын жақсылыққа.
Выбор основного перевода