Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жерде Құдайларың Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын да жасаңдар. Оны темір құрал-сайманмен өңделмеген, бүтін тастардан тұрғызыңдар. Соның үстінде Құдай Иеге арнап шалынған құрбандықтарды өртеп ұсынуларың керек. Осыны Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның исраилдіктерге өсиеттеп берген нұсқауына сай істеді. Мұсаның Таурат заңы кітабында жазылғандай, құрбандық үстелі ешқандай темір құралмен өңделмеген бүтін тастардан салынды. Халық оның үстінде Жаратқан Иеге арнап шалынып өртелетін және Онымен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін сый-тартуларын ұсынды.
Выбор основного перевода