Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Басқаның әйеліне, оның үйіне не жеріне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» Көркіне оның жүрегің елікпесін,Жанары сені баурап әкетпесін! Сондайлар басқаның егістіктеріне сұқтанып, тартып алады, үйлеріне сұқтанып, оларды да иемденіп алады. Олар адамды үй-жайынан, тіпті мұралық жерінен айырады. «Бұдан қандай қорытынды шығады? (Бойымыздағы күнәлі құмарлықтарды қоздырып, оятқандығына бола) Таурат заңы күнәлі ме?» Жоқ, мүлдем олай емес! Бірақ заң болмаса, күнә жасағанымды білмес едім. Мысалы, Таурат заңы «Басқаның иелігіне сұқтанба!» демесе, сұқтанудың күнә екенін білмес едім. «Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; басқаның иелігіне сұқтанба!» және тағы басқа бұйрықтар Таурат заңында былай деп тұжырымдалған: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің тіпті аттары да аталмасын. Құдайға бағышталған адамдарға бұлардан аулақ жүру лайық.
Выбор основного перевода