Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, сол күні еңбек етпей демалды. Жетінші күнге Құдай оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі. Себебі Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының бәрін бітірген соң тынықты. Оны алты күн қатарынан жинайсыңдар, ал жетінші күн демалыс күні, сонда ол болмайды». Тир қаласынан көшіп келіп, Иерусалимде тұрып жатқан саудагерлер де балық пен алуан түрлі бұйымдарды қалаға алып келіп, Яһуда халқына демалыс күндері сатып жүрді. Сонда мен Яһуданың жетекшілеріне қарсы шығып: «Қасиетті демалыс күнін қорлайтын істерді істейтіндерің не? Сендердің ата-бабаларың осылай қылып, сондықтан да Құдайымыз біздің өзіміз бен осы қалаға сол ауыртпалықты жіберді емес пе еді?! Енді өздерің де демалыс күні жайлы заңды менсінбей, Құдайдың Исраилге деген қаһарын одан бетер өршітіп жатырсыңдар!» — деп сөгіс айттым. Содан мен әр демалыс күнінің қарсаңында кеш түсе бастағанда: «Қала қақпаларының есіктері бекітіліп, демалыс күні өтпейінше ашылмасын!» — деген бұйрықты беріп отырдым. Демалыс күні ешқандай жүктің қалаға кіргізілмеуі үшін мен қызметшілерімнің біразын қала қақпаларына күзетке қойдым.
Выбор основного перевода