Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әйтсе де өзім жақсыдан үміттеніп отырғанда жамандыққа ұшырадым, жарықты күткенімде айналамды түнек басты! Сол күні жау Исраилдің үстінен буырқанып долданған теңіздей ақырады. Пенде жағаға қарап, қара түнек пен азапты көреді. Қараңғы бұлттар жарықты жауып тастағандай, әркімнің де күдері үзіледі. Керісінше, олар зор қысымшылық көріп, ашығып, жер-жерде қаңғырып жүретін болады! Аштықтан қиналғанда олар қатты ашуланып, өздерінің патшасы мен Құдайына тіл тигізеді. Содан олар аспан мен жерге көз салып, тек қайғы-қасірет, қара түнек пен үрейлі қараңғылықты ғана көреді-ау! Олар әбден түңіліп, қара түнекке қуылады.Алайда қазір қысымшылық көріп жатқан жерде ұдайы қараңғы бола бермейді. Осылай әділдік кері қуылып, адалдық тым алыс қалады. Шындық сот алаңында сүрініп құлап, ақиқат арамызға кіре алмайды. Міне, жер бетін қою қараңғылық жайлап, халықтарды қара түнек жауып алды. Бірақ сенің үстіңнен Жаратқан Иенің нұры жарқырап, Оның нұрлы салтанаты көрінеді.
Выбор основного перевода