Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соқырдың қараңғыда сипалағанындай, сендер тал түсте сипаланып қаласыңдар. Не істесеңдер де, істерің оңға баспайды. Ұдайы зорлық-зомбылық көріп, тоналасыңдар. Ал өздеріңді құтқаратын ешкім де болмайды. Күндіз олар түнекке тап болып, тал түсте де түндегідей сипалап жүреді. Жаратқан Ие сендер үшін паналайтын киелі орын іспетті болмақ. Бірақ Ол Исраилдің екі патшалығы үшін адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты, әрі Иерусалимнің тұрғындарын түсіретін тұзақ пен тор секілді болады. Олардың көбі сүрініп құлап, талқандалады, не торға түсіп, ұсталады». Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сол кезде Мен күнді тал түсте бататын қылып, жерді күндіз қараңғылыққа бөлеймін! Құдай біздерге, яғни елшілерге, өлімге кесілген тұтқындар іспетті «салтанатты жүрістің ең соңында» жүруді бұйырды деп ойлаймын. Себебі біз бүкіл әлемге — періштелер мен адамдарға масқара көрініс болдық. Мәсіхке қызмет еткеніміз үшін біздер «ақымақ», ал сендер «Мәсіхпен жүрген данышпан» екенсіңдер, біз «күшсіз», сендер «күшті», біз «қадірсіз», сендер «қадірлі» екенсіңдер!
Выбор основного перевода