Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Жаратқан Ие Сион қаласын күнәларының құрсауынан құтқарып, әділдікті қалпына келтірмек. Сонда Ол қаланың опық жеп, теріс жолдан қайтқан тұрғындарын кешіріп, тура жолға түсіреді. Сондықтан, уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа өз іс-әрекеттеріңе сәйкес үкім шығарамын! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Бұрын істеген барлық зұлым қылықтарыңа өкініп, солардан бас тартыңдар! Сонда сендер өмір жолдарыңда әділетсіз іс істеп сүрініп құламайсыңдар. Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер! Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы? Ал Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады. Жаратқан Иенің айтқанындай, құтқарылғандар Иерусалимдегі Сион тауында тұратын болады. Олар Жаратқан Иенің шақырып алып, аман қалдырғандарының арасында болады. Петір оларға былай деп жауап берді:— Әрқайсың күнәларыңның кешірілуі үшін теріс жолдан қайтып, Иса Мәсіхтің атымен шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Оның Киелі Рухын қабылдайсыңдар. Себебі бұл уәде сендерге, балаларыңа және алыстағылардың бәріне: Құдайымыз — Жаратқан Ие шақыратын барлығына да арналған. — Сендер Хориб тауының маңында Құдайларың Жаратқан Иенің алдында тұрған күнді естеріңе түсіріңдер. Сонда Жаратқан Ие маған мынадай тапсырма берді: «Халықты Менің алдыма жина. Олар өмір бойы Мені терең қастерлеуді үйрететін және өз балаларына да сондай тәрбие бергізетін сөздерімді естісін!» Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін. Бірақ Өзімнің қызметшімнің сөздерін іске асырып, пайғамбарларымның айтқандарын орындаймын. Мен Иерусалимге: «Жұрт сені қайтадан мекендейді!» деп уәде етіп, Яһуда елінің өзге қалаларына да: «Жаңадан салынасыңдар!» деймін. Иерусалимнің қираған ғимараттарын қайта қалпына келтіремін! Аузыңа сөздерімді саламын. Сені қолымның аясында ұстап қорғаймын. Аспанды күмбездей орналастырып, жердің негізін салып бекіткен Өзіммін. «Сен өз халқымсың» деп Сионды қайтадан қамқорыма алатын да Менмін». Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие. Бұдан соң Жаратқан Ие қолын созып, аузыма тигізді де: — Міне, сенің аузыңа сөздерімді салып беріп отырмын. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Солтүстік Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келді. Бұл Келісім Менің олардың ата-бабаларын қолдарынан жетелеп Мысырдан алып шыққанда солармен жасаған Келісіміммен бірдей болмайды. Өйткені Мен оларды әйелін қатты сүйген күйеуі іспетті жақсы көрсем де, олар сол Келісіміме адал болмады, — дейді Жаратқан Ие. — Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын. Халқыммен мәңгілік Келісім жасап, оларға жақсылық жасауымды тоқтатпаймын. Ешқашан Менен кері бұрылып кетпеулері үшін Өзімді терең қастерлеуді олардың жүрегіне құятын боламын. әрі бойларыңа өз Рухымды дарытамын. Осылай сендерді бұйрықтарыма сәйкес өмір сүріп, ережелерімді мұқият орындайтын қыламын.
Выбор основного перевода