Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қарашы, ежелде Құдайға адал болған қала енді өзін опасыз әйелдей ұстайды! Бұл қала әділдік пен адалдықтың ордасы болатын, ал қазір оны кісі өлтірушілер мекендейді. Бірақ Оның жауабы мынау болды:— Жаман, опасыз ұрпақ билігімді дәлелдейтін керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді: Жаман, опасыз ұрпақ (билігімді дәлелдейтін) керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ осы ұрпаққа Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді! — Мұнан кейін Иса оларды тастап, сол жерден кетіп қалды. Сөйтіп сендер өз аталарың не істесе, соны істеп жүрсіңдер.— Біз некесіз туғандар емеспіз! Біздің бір ғана рухани атамыз бар, Ол — Құдай! — Иса оларға былай деді:— Рухани аталарың Құдай болса, сендер Мені жақсы көрер едіңдер. Өйткені Мен осында Құдайдан келдім. Өз бетіммен келген жоқпын, Мені Құдай жіберді.
Выбор основного перевода