Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады,Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды! Сондықтан Тәңір Ие оларға қайнаған қаһарын төгіп, сұрапыл соғыс жіберді. Бірақ олар Құдайдың лаулаған қаһарына ұшыраса да, соның себебін ұқпады! Тіпті жалыны жалмағанмен, олар мұны көңілдеріне түймеді! Сен «мәңгілік патшайым боламын» деп, Менің халқымның шеккен азабына көңіл бөлмедің. Мұның ақырының не боларын ойламадың да. Алайда басыңа апат төніп, оның қайдан келетінін әлі білмейсің. Сонда тас-талқан болып қирайсың, ал одан амал тауып құтыла алмайсың. Кенеттен сен еш ойламаған қырғынға ұшырайсың! Дәл сол сияқты, елде Құдайға адал ешкім қалмаған! Адамдардың арасында бірде-бір әділ адам қалған жоқ! Барлығы біреудің қанын төгуді аңдып жатады, әркім ағайынына тұзақ құрып қойған.
Выбор основного перевода