Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шүбә жоқ, зұлымның жарығы сөнеді, оның отының алауы жарқырай бермейді. Үйіндегі жарық қараңғы болып, шам-шырағы да өшеді. Күшті аяғы қысқарып, құрған арам жоспары оның өзін құлатады. Зұлымды өз аяғы торға түсіріп, өз бетімен жүрген ол орға құлайды. Қақпан оны өкшесінен ұстап, тұзақ оны тұтады. Тұзақ жіп жерде жасырын қойылған, жүретін соқпағында қақпан орнатылған. Күнәкарды жан-жағынан қорқыныш үрейлендіріп, соңынан қалмай қуады. Оның күші аштықтан таусылып, құлаған кезінде пәле де дәл қасында бола қалады. Ауру оның терісін жеп, кейін ажал да жетіп, дене мүшелерін құртпақ. Зұлым өзі сенім артқан мекенінен жұлынады, оны «үрейдің патшасына» апарып тапсырады. Қайта, олар ұятсыз істерін паш етіп, көбік шашып, қоқыр-соқыр әкеліп жатқан теңіздің буырқанған толқындарына ұқсайды. Осы азғырушылар кезбе жұлдыздай тура бағытты сілтей алмайды; оларға тозақтың мәңгілік қара түнегі дайын тұр.
Выбор основного перевода