Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күн туғанда әрбір ер адамға жеті әйел жармасып, оған: «Нанымызды өзіміз тауып жеп, киімімізді өзіміз тауып киеміз. Тек күйеуіміз болып, масқаралықтан арылта көріңіз!» — деп жалынып-жалбарынады. Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан. Ал Жаратқан Ие Исраил халқын құтқарып, ұдайы қорғап-қолдайды. Содан оларға: «Енді қайтып қорланбайсыңдар, мәңгі масқара болмайсыңдар!» — делінеді. Адасқаннан кейін мен өкініп Саған бет бұрдым. Түсінгеннен кейін санымды соқтым. Жас шағымдағы істеген істеріме ұялып жайсыздандым. Себебі Солтүстік Исраил мен Яһуданың халқы Исраилдің Киелі Құдайының алдында қатты айыпты болса да, Ол, Әлемнің Иесі, өздерінің Құдайы, солардан біржола бас тартқан жоқ. Алайда осы күндері Мен Иерусалим мен Яһуда еліне қайтадан жақсылық жасауды ұйғардым, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Сондықтан қорықпаңдар!»
Выбор основного перевода