Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан оған мынаны айт: Біліп қой, Мен сенімен амандық пен тыныштық туралы Келісімімді жасамақпын. Ал Дәуіттен мейірімімді қайтып алмаймын,Өз адалдығымнан ешқашан таймаймын, Мен Келісімімді еш уақытта бұзбаймын,Аузымнан шыққан сөзді өзгертпеймін. Аспанға көз жүгіртіп, жерге де назар аударыңдар: аспан түтіндей ғайып болып, жер ескі киімдей пайдасыз болып қалады, оның тұрғындары шыбын-шіркей секілді лезде өліп құриды. Бірақ Менің құтқаруым мәңгілік болады, әділ билігімнің шегі болмайды. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Солтүстік Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келді. Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасап, елден жыртқыш аң атаулыны жоямын. Сонда олар айдалада бейқам тұрып, тіпті орман ішінде алаңсыз ұйықтай алатын болады. Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасаймын. Бұл Келісім мәңгілікке созылмақ. Мен оларды орнықтырып, жарылқап, өсіріп-өндіріп, араларында киелі орнымды тұрақты орнатамын. Құдай тұра қалып, жерді сілкіндірді,Ол қарағанда халықтар дірілдеді.Ежелгі таулар опырылып құлады,Атам заманғы төбелер шөгіп қалды.Мәңгілік — Киелі Құдайдың жолдары!
Выбор основного перевода