Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Япшінің өрісін кеңейтсін,Ол Шамның шатырларында тұрсын!Ал Қанахан оның құлы болсын!»— деді. Сенің үрім-бұтағың жер бетіндегі құм түйіршіктеріндей сансыз көп болады. Батыс пен шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке тарайсыңдар. Өзің және ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға батам қонады. Қорықпа, Мен саған жар боламын, ұрпақтарыңды шығыстан алып келемін, батыс елдерінен де сені жинаймын. Солтүстіктегі халықтарға: «Босатып жіберіңдер!» — деп, оңтүстіктегілерге де: «Жолынан қалдырмаңдар!» — деп бұйырамын. «Рухани ұл-қыздарымды алыстан, тіпті жердің қиыр шетінен де алып келіңдер! Ойрандалып, қаңырап бос қалған орындарың енді ағылып келген тұрғындарыңның көптігінен тар болады. Ал сені қанап, жалмап келген дұшпандарың қасыңнан алшақ кетеді. Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!»
Выбор основного перевода