Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сойылуға апарыла жатқанда ештеңе аңғармайтын момын тоқтыдай, мен бұдан мүлдем хабарсыз болған едім. Дұшпандарым зұлым жоспар құрып былай деп жүр екен: «Ағашты жемісімен қоса құртайық, оны бұ дүниеден аластатайық! Оның аты тіпті еске алынбасын!» Бірақ Иса үндемеді. Сонда бас діни қызметкер Оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деген сұрақ қойды. Басты діни қызметкерлер мен рубасылар Өзін айыптағанда Иса еш жауап бермеді. Бірақ Иса еш жауап бермей үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып:— Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды. Сарайға қайта кіріп, Исадан:— Сен қайдан шыққансың? — деп сұрады. Бірақ Иса оған жауап берген жоқ. Жазбадан оқып отырған жері мынау еді: Оны қой сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын тоқты секілді тіс жармады.
Выбор основного перевода