Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын,Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым, Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: Құдайдың Қызметшісі адамдардан қорлық көріп, халыққа жексұрын болып, билеушілердің құлына айналған еді. Ал Исраилді құтқарушы Киелі Құдай — Жаратқан Ие оған тіл қатып былай дейді: «Сені көрген патшалар алдыңда тік тұрады, әміршілер де саған бас иетін болады. Себебі Мен — Исраил сиынған Киелі Құдай, сөзіне адал Жаратқан Ие, сені таңдап алдым!» Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады. — Ілиястың алдымен келіп, бәрін қалпына келтіретіні рас. Ал көктен келген Билеушінің көп азап шегіп, қорлануға тиіс болатыны туралы Киелі жазбаларда неліктен жазылған? Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады.
Выбор основного перевода