Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Тәңір Ие былай дейді:) «Біліп қойыңдар, Менің Қызметшім ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Ол беделі артып, дәрежесі жоғары көтеріліп, ұлан-ғайыр дәріптелетін болады. Осы үш шәкіртіне Иса: «Жаным өлердей қайғырып тұр. Осында қалып, Менімен бірге ұйықтамай, сергек болыңдар!» — деді. Иса сол жерден әрірек барып, етпетінен жығылып былай деп мінажат етті: «О, Әкем, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!» Иса екінші рет тағы да шеткері барып, сиынып: «О, Әкем, егер (қаһарыңа толы) бұл «тостаған» Маған соқпай өте алмаса, онда Сенің еркің орындалсын!» — деп мінажат етті. (Киелі жазбада: «Ол қылмыскерлердің қатарында саналды» деп алдын ала айтылған сөз осылай іске асты.) Өйткені сендерге айтамын: пайғамбардың: «Ол қылмыскерлердің қатарында саналды» деп алдын ала айтқан сөзі Менің өмірімде іске асуға тиіс. Мен туралы алдын ала жазылғанның бәрі де орындалады. — ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда. Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді,Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті,Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді: Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты. Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.
Выбор основного перевода