Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол Исраилге деген мейірімін де,Сенімділігін де сақтайды есінде.Құдайымыздың құтқаруын көрдіЖер бетінің түкпірлеріндегілер де. «Сені әділдікпен Өзім шақырдым,Қолыңнан ұстап, қорғаймын, әрі қойдымКелісімнің кепілі болуға өз халқыма,Жол көрсеткіш Нұр да өзге ұлттарға. Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың —Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!» Себебі Жаратқан Ие бізге мынадай әмір берді: Сені басқа ұлттар үшін де жарық нұр болуға белгіледім. Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің! Атап айтқанда, Құтқарушы Мәсіх азапталып, ең бастысы болып өлімнен тіріліп, Исраил халқына және басқа ұлттарға жарық нұрды жариялауға тиісті болды.
Выбор основного перевода