Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағына аяушылық танытып, Исраил халқын тағы да Өзінікі қылып таңдап алып, оларды өз елінде қайтадан орналастырады. Жат жұрттықтар да мұнда келіп, Жақыптың үрім-бұтағына қосылмақ. Басқа ұлттар Исраил халқын өз еліне қайтып әкеледі, әрі оларға Жаратқан Иенің таңдаған жерінде ұдайы қызмет ететін болады. Сонда халық бұрын өзін тұтқын етіп, езіп-жаншығандарды тұтқындап, үстерінен билік құрмақ. Сол кезде адамдар былай дейтін болады:«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,Аңсап Оны Оған сенім артамыз,Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,Оны аңсап Оған сенім артамыз.Енді бәріміз қатты қуанамыз,Бізді құтқарғанына шаттанамыз!» Сен арқылы қараңғыдағы тұтқындарды «Сыртқа шығып, көрініңдер!» деп шақырып, босатамын. Олар бағып, қамқорлайтын отарым іспетті жол бойында тамақтанатын болады, тіпті құнарсыз қыраттардан да жайылым табады. Не жұмыртқа сұраса, шаян берер ме еді?
Выбор основного перевода