Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тек Сион тауындағы Иерусалим қаласы ғана қалды. Ол жүзімдік ішіндегі шатырдай, қауын бақшасындағы күркедей жападан-жалғыз тұрған, жау қоршауға алған қалаға ұқсайды. Сол себепті халқым өз түсінбеушілігіне бола жер аударылады! Оның атақтылары аштыққа ұшырап, қалың көпшілік те шөл азабын тартатын болады. Сонда қамалды қалалар қаңыраған бос иен даладай елсіз қалады. Сол жерде жас бұқалар жайылып әрі тынығып, бұтақшаларды жеп қалдырмайды. «Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің балалары енді көбірек болады! — дейді Жаратқан Ие. — Сен қуылған, мұңды әйел секілдісің. Біреу жас кезінде үйленіп, тастап кеткен әйелге ұқсайсың. Жаратқан Ие сені қайтадан қасына шақырады!» — Құдайыңның Өзі мұны айтады. «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Уа, Сион қаласы, еңсеңді көтеріп, айналаңа қара! Халқың жиналып, саған қайтуға дайындалып жатыр! Ұлдарың алыс жолдан келіп, қыздарың баппен көтеріліп әкелінеді.
Выбор основного перевода