Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда ұлдары Самуил сияқты тура жолмен жүрмеді. Олар пайдакүнемдікке салынып, пара алып, шындықты бұрмалап үкім шығаратын болды. Патша әділдікпен елін нығайтар,Парақұмар болса елін құлдыратар. Олар пара алып, кінәліні ақтап, әділді заңды құқығынан айырады. Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Менің халқымның арасында құсқа тұзақ құрғандай адамдарды аңдып жататын залымдар бар. Олар тор құрып, адамдарды қолға түсіреді. Тордың құсқа толы болатынындай, олардың үйлері алдамшылыққа толы. Соның арқасында олар байып, беделге ие болды. Олар әбден шел жинап жып-жылтыр болып алды. Зұлым істерінде енді шек жоқ, жетімнің ісін әділдікпен шешпейді, жарлының мүддесін де қорғамайды. Сендерге ауыр еңбек ете жүріп, «Алғаннан гөрі берген бақытты» деген Иеміз Исаның сөзін есте ұстап, мүсәпірлерге жәрдемдесу керек екенін ұдайы үлгі етіп көрсеттім.
Выбор основного перевода