Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Сәби дүниеге келді,Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!Билік Оның қолында қала береді:Ол «керемет ақылды Кеңесші,Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке,Тыныштықты сыйлайтын Әмірші»Деп те аталатын болады. Оның құрған билігі арта түсіп,Орнатқан тыныштығы шексіз болады,Өзі Дәуіттің тағына отырып,Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,Ақиқатты да ұстанатын болады.Барлық қайрат-жігерімен бұлардыӘлемнің Иесі іске асырады! Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. Өзі Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оны терең қастерлеуден қуаныш табады.Патша тек көрген сырт пішінге, ұзын құлақтан естігеніне ғана сүйеніп үкім шығармайды. Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады. Сол заман туғанда Мен Дәуіттің әулетінен бір «Жас Өскінді» өсіріп шығарамын. Сол әділ Патша елде әділетті жүзеге асырып, әділдік пен шыншылдықты орнатады. Уа, Сион халқы, қатты қуан! Уа, Иерусалим халқы, шаттана ән шырқа! Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол — әділ Құтқарушы, кішіпейілділікпен есекке мініп алып, тайқардың, бір жас есектің, үстінде отыр.
Выбор основного перевода