Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. Көп кешікпей Ливанның ормандары Қармил іспетті бау-бақшаға, ал бау-бақшалар қалың орманға айналады. Айдала жайқала гүлдеп, қуана ән шырқайды. Құла түз енді Ливан тауларындай салтанатты, Қармил тауы мен Шарон жазығындай құлпырып, көрікті болады. Әрбір жан Құдайымыз Жаратқан Иенің салтанатты ұлылығын көретін болады. Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін. Исраил халқына Өзімнің Рухымды төккен соң, Мен енді қайтып олардан бет-жүзімді жасырмаймын», — Жаратушы Тәңір Ие осыны уәде етеді. Осылардан кейін Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, қарттарың түс, жас жігіттерің аян көреді.
Выбор основного перевода