Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әлемнің Иесінің лаулаған қаһарынан жер өртеніп, халық отқа жем болады. Сонда адамдар жақындарын да аямай, әркім өз қара басын ғана қорғайды. Елдің халқы да өзгелерге қысым көрсетіп, адамдарды тонайды. Олар бейшара жарлыларды қанап, араларындағы жат жұрттық кірмелерді де жәбірлеп әділетсіздік жасайды. Дәл сол сияқты, елде Құдайға адал ешкім қалмаған! Адамдардың арасында бірде-бір әділ адам қалған жоқ! Барлығы біреудің қанын төгуді аңдып жатады, әркім ағайынына тұзақ құрып қойған. Екі қолы да жамандықты істеуге шебер-ақ, әмірші сый-тарту дәметеді, төреші де жемқор, ал ұлық өз қалағанын иемденеді. Бәрі осылайша сөз байласып істі бұрмалайды. Олардың ең жақсысы тікенді бұтадай, ең әділдеуі қаулап өскен тікенекті қоршаудай. Бірақ олардың күзетшілері — пайғамбарлары алдын ала айтып кеткен сот күні таяп қалды. Сонда олар абыржып, не істерін білмейді. Бұдан былай көршіңе де сенбе, досыңа да сенім артпа! Тіпті қойныңдағы өз әйеліңе де айтатын сөздеріңе сақ бол! Өйткені өз ұлы әкесін масқаралап, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Адамның дұшпаны өз үй іші болады. Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Адамның дұшпаны өз үй іші болады».
Выбор основного перевода