Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай көк пен жерді куәлікке шақырады,Өзі таңдаған халқын соттауға барады: «Қасыма жинаңдар Менің сенімді халқымды,Құрбандық шалып Өзіммен Келісім жасағандарды!» Көк сонда Оның әділдігін паш етеді,Себебі соттайтын — Құдайдың Өзі. «Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін:Саған қарсы куәлік келтіремін,Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын! Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын,Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын. Ал қаламаймын бұқаларды қораларыңнанЯки текелерді шарбақтарыңнан, Өйткені орманның әр аңы Менікі,Әрі малдар да мыңдаған төбедегі, Барлық құсты білемін таулардағы,Хайуандар да Менікі даладағы. «Ашықсам» Мен саған айтпас та едім,Бар әлем мен ондағылар — өз меншігім. Шалынған бұқаның етін жеймін бе,Не текелердің қанын ішемін бе? Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,Берген сертіңді орында Алла Тағалаға. Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені». Бірақ Құдай былай дейді арамзаға:«Қандай қақың бар жарлықтарымды айтуғаЖәне Келісімімді аузыңа алуға? Алайда сен ескертуімді жек көресің,Айтқан сөздерімді менсінбей жүресің. Ұрыны көрсең оған қосыласың,Нәпсіқұмарлармен де араласасың. Сенің аузыңнан жамандық шығады,Тілің өтірікті торлап тұрады. Отырып алып бауырыңды ғайбаттайсың,Өз анаңның ұлын нақақ жамандайсың. Сен солай істегенде Мен үндемедім,Сонда Мені өзіңдей есептедің.Ал қазір Мен сені сақтандырамын,Күнәларыңды көз алдыңа қоямын». «Құдайын ұмытқандар, ұғыңдар бұл жайды:Жазалап, паршаласам, ешкім құтқармайды. Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған,Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам». Иә, Жаратқан Ие адамзатқа шығарған үкімін отпен және семсерімен іске асырады. Ол сонда көбінің көзін құртады. Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар, уа, Исраил халқы! Ол осы елдің тұрғындарына қарсы дау көтермек: «Елде адалдық пен мейірімділік әрі Құдайды жақыннан тануға деген ниет жоқ. Сондай-ақ, уа, таулар, Жаратқан Иенің Исраилге тағатын айыбына да құлақ түріңдер! Уа, жердің берік негіздері, Оған құлақ салыңдар! Өйткені Жаратқан Ие өз халқына кінә тағады. Ол Исраилді айыптамақшы». Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген. Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,Солардың орнына бізді отырғыздың. Ол үшін тазартып, өңдедің жерді,Сол «бұта» тамыр жайып, толтырды елді, Оның көлеңкесі тауларды жапты,Сабақтары зор самырсындарды басты. Бұтақтары созылды теңізге дейін,Өркендері — Евфрат өзеніне дейін. Енді неге қоршаған дуалын қираттың?Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін, Орман қабаны түбін қазып, қопаруда,Түз аңдары жайылып, «бұтаңды» жалмауда! Уа, Әлемнің Иесі, қайта оралсаңшы,О, Құдай, көктен жерге көз салсаңшы,Осы «жүзім бұтасын» қамқорлашы, Құдіретті қолыңмен оны отырғыздың,Сабақтарын Өзіңе арнап өсірдің. «Жүзім бұтаңды» шауып, өртеді жаулар,Бетіңнің ызбарынан жойылады олар. Қолдай гөр оң жағыңдағы халқыңды,Өзіңе арнап нығайтқан ұлтыңды. Сенен енді қайтып безбейміз сонда,Сиынатын боламыз Сенің атыңа,Өмірімізді жаңарта гөр тағы да. Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша. Әділетсіз заңдар шығарып, халықты азаптайтын ережелер жариялаған билеушілер қасіретке қалады! Олар халқымның арасындағы жарлыларды құқықтарынан айырып, жәбір көргендерге әділет жолын жауып тастайды. Тіпті жесірлерді олжалап, жетімдердің барын тонайды! Көптеген бақташылар (отарларын жайып жіберіп) Менің жүзімдігімді қиратып, егістігімді таптап тастады. Олар шұрайлы даламды қаңыраған құла түзге айналдырып жіберді. Иә, Мен сендерді бөтен халықтардың арасына жер аударамын. Бұл, ежелде ата-бабаларыңның иен даланы кезіп жүрген қиын кезеңіндей болмақ. Сол жерде сендермен бетпе-бет келіп, сот жүргіземін. Ата-бабаларыңа Мысыр елінен шығарғаннан кейін иен далада сот жүргізгенімдей, Мен сендерге де солай істеймін». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Олар дұрыс істеуді білмейді де, өз сарайларында зұлымдықпен, зорлықпен иемденіп алған байлық жинайды. Әй, Башан сиырларындай семіз әйелдер! Самарияның тауында тұратын сендер, мына сөзді тыңдаңдар! Сендер кедейлерге зорлық жасап, мұқтаждарды езгіге ұшыратып келесіңдер, әрі күйеулеріңе: «Әкел бері, ішейік!» — дейсіңдер. Сендер кедейлерді басып-жаншып, олардан алым ретінде мол астық жинайсыңдар. Сондықтан қашалып өңделген тастан үйлер салсаңдар да, оларда тұрмайсыңдар! Жүзімдіктер отырғызсаңдар да, солардың өнімдерінің рақатын көрмейсіңдер! Кедейлерді күміске, мұқтаждарды бір жұп аяқкиімге сатып аламыз. Салмағын ауырлату үшін астықты кебегімен қоса сатамыз!» Сондайлар басқаның егістіктеріне сұқтанып, тартып алады, үйлеріне сұқтанып, оларды да иемденіп алады. Олар адамды үй-жайынан, тіпті мұралық жерінен айырады. Сонда мен былай дедім: «Тыңдаңдар, Жақыптың үрім-бұтағының басшылары — Исраил елінің билеушілері! Ақты қарадан ажырата білу сендердің міндеттерің емес пе?! Бірақ сендер жақсыны жек көріп, жаманды ұнатасыңдар, Менің халқымның терісін сыпырып, етін сүйектерінен тірідей жұлып аласыңдар! Сендер халқымның етін жалмап, терісін сыпырып, сүйектерін майдалап сындырасыңдар, оларды қазанға салатын еттей қылып, пісіріп, жеп қоясыңдар!» Тағы бір астарлы әңгімені тыңдаңыздар: бір қожайын жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып жасап, күзет мұнарасын да салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады. — Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем «жүзім өсіруші». Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады. Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар. Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар. Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар. Кім Менімен байланыста тұрмаса, сол кесіліп тасталған сабақтар іспетті «сыртқа лақтырылып, кеуіп қалады». Кепкен сабақтар кейін жиналып, отқа жағылып, жанып кетеді. Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар. Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді. Ал сендер кедейлерді кемсітіп келесіңдер! Өздеріңді жәбірлеп, сотқа тартатындар сол байлар емес пе?!
Выбор основного перевода