Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда қасарысып, Маған қарсы тұра берсеңдер, сендерді жаудың семсері жалмап қояды». — Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан. Бірақ сендердің тағдырларыңды Өзім шешіп қойдым: Жауларыңның алдында тізе бүгіп, семсерден қырыласыңдар. Себебі Мен шақырғанда жауап бермедіңдер, тіл қатқанымда сөзіме құлақ аспадыңдар. Қайта, көз алдымда зұлымдық жасап, Маған ұнамайтын нәрселерді таңдап алдыңдар. — Яһуда елі қайғырып, қалалары шөлден әлсіреп жатыр. Адамдар аза тұтып жерде отыр, Иерусалимнен зарлы дауыстар шығып жатыр. Сионға апаратын жолдар қайғыруда,Өйткені келер ешкім жоқ мейрамдарына,Қаңырап бос тұр оның қақпалары да,Діни қызметкерлер күңірене жоқтауда,Қызметші қыздары қайғырып жылауда,Оның өзі де қатты қиналуда!
Выбор основного перевода