Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Құдайдың «лебінен» құрып кетеді, Оның қаһарлы дауылынан ғайып болады. Ол халқыңа әділетпен билік құрсын,Жарлыларыңа әділ үкім шығарсын. Патша халықтың жарлыларын қорғасын,Мұқтаждың ұрпақтарын да аман сақтасын,Ал қанаушыларын басып жуасытсын. Патша құтқарады жалынған мұқтаждыЖәне қолдаушысы жоқ қаналғанды, Әрі зорлық-зомбылықтан қорғайды,Олардың қанын қымбат деп санайды. Сонда Жаратқан Ие таңдап алған халқының рубасылары мен әміршілеріне айыптарын атап көрсетеді: «Сендер Менің жүзімдігімді ойрандадыңдар! Өз сарайларыңды бейшаралардан тонап алған дүние-мүлікпен толтырдыңдар. Оның құрған билігі арта түсіп,Орнатқан тыныштығы шексіз болады,Өзі Дәуіттің тағына отырып,Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,Ақиқатты да ұстанатын болады.Барлық қайрат-жігерімен бұлардыӘлемнің Иесі іске асырады! Бейнет шеккендер Жаратқан Иеден жаңадан қуаныш тауып, мүсәпірлер Исраилдің Киелі Құдайына шаттана ән салатын болады. Ол әкелерді балаларымен, балаларды әкелерімен шын жүректен татуластыратын болады. Ал егер олар мойынсұнбаса, Мен келіп, бүкіл елді қарғап, қиратамын. Оның заңына қарсы тұрушы кісі содан кейін шығады. Алайда оны Иеміз Иса қайтып келіп, бәріне салтанатты түрде көрінгенде, аузынан шыққан леппен-ақ мүлдем жояды.
Выбор основного перевода