Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім,Жаным рақат табатын таңдаулым!Оған қондырдым Өзімнің Рухымды,Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді. — Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын жар салуға жіберді. Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса Өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп, қонған Құдай Рухын көрді. Міне, Менің таңдап алған Қызметшім,Ол — жаным рақат табатын Сүйіктім!Оған қондырамын Мен өз Рухымды,Ол халықтарға жариялайды әділ үкімді. Иса судан шыққан бойда көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Өзінің үстіне қонғанын көрді. Содан кейін Жақия куәлік етіп:— Мен Киелі Рухтың көгершін бейнесінде көктен түсіп, Исаға қонғанын көрдім. Құдай Өзінің Киелі Рухы мен құдіретін назареттік Исаға дарытты. Ол игі істер жасап, шайтанның құрсауындағы адамдарды азат етіп сауықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған жар болды.
Выбор основного перевода