Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күні Жаратқан Ие сені азап пен қорқыныштан, құлдықтың ауыр жүгінен азат ететін болады. Ал Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен қолымды созып, туымды жоғары көтергендей барлық халықтарға белгі беремін. Олар ұлдарыңды кеуделеріне басып, қыздарыңды да иықтарына отырғызып, көтеріп алып келетін болады. Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың —Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!» Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғары көтеріп қойған. Дәл солай көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс. Сонда Оған сенуші әркім мәңгілік өмірге ие болады. Ал Ишая пайғамбар мынадай сөздерді жазып қалдырған: Есей ұлы Дәуіт патшаның «тамырынан» өскін іспетті шыққан Ұрпақ халықтарға билік құрады. Басқа ұлттар Оған үмітін артады.
Выбор основного перевода