Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күндері Тәңір Ие Ассур патшасын Евфрат өзенінің ар жағынан жалдап алып, сендерге қарсы жібереді. Сонда Ол Ассур патшасын ұстарадай қолданады: сендердің шаштарың мен аяқтарыңдағы түктеріңді, тіпті сақал-мұрттарыңды да алып тастаған іспетті сендерді масқара қылады. Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары Сол кезде Мысыр елі Әлемнің Иесінің өздеріне қарсы созылған қолынан әйел заты іспетті қорқып дірілдейтін болады. Баяғыда Жаратқан Ие ата-бабаларымыз үшін теңіздің аласұрған суларынан өтетін жол салған болатын. Жаудың соғыс күймелерін, аттарын және мықты әскер күштерін Мысырдан ала шыққан еді. Олар бәрі бірдей жер құшып, қайтып тұрмайтын болды, сөнген шырақтай өмірлері өшті.Бүгінде Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол кезде Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды: «Қолыңды теңізге қарай соз! Сонда су қайтадан орнына келіп, мысырлықтардың күймелері мен атты жауынгерлерін басып қалсын». Мұса қолын теңізге қарай созды. Содан таң ата су орнына келді. Қашып бара жатқан мысырлықтар оған қарсы жүгіріп, Жаратқан Ие оларды теңіз ішінде суға батырды. Арнасына қайтқан су Исраил халқының соңына түсіп, теңіздің ішіне дейін қуып келген перғауынның бүкіл әскерін, күймелері мен атты жауынгерлерін көміп тастады. Олардың бірде-біреуі тірі қалмады. Ал исраилдіктер теңіздің ортасынан құрғақ жермен өте шығып, су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрған еді. Осы уақыт жеткенде Мысыр мен Ассур елдерінің арасында даңғыл жол болады. Осы екі елдің халқы бір-біріне барып келеді әрі бірігіп Құдайға ғибадат ететін болады. Сонда Сен теңіздің суын құрғатыпТүпсіз тұңғиығынан бір жол аштың,Халқыңды жаудың қолынан құтқарыпСол жолмен арғы жаққа алып шықтың! Қақпадан өтіп, далаға шығыңдар,Халқыма жүретін жолын дайындаңдар,Бөгет болған тастарды алып тастаңдар,Биік етіп даңғыл жолды салыңдар!Белгі ретінде басқа халықтарғаТуды тігіп қойыңдар жоғарыға! Өзі Мұсаны ұлы құдіретіменҚолынан ұстағандай болып жетелеген,Алдынан теңіз суын қақ айырған,Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан,Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқанҚұдай Иеміз қазір қайда екен?Олар кең далада көсіле шапқанСайгүліктей терең теңіз түбіненЕшбір сүрінбестен-ақ өте шықты. Өзі Мұсаны ұлы құдіретіменҚолынан ұстағандай болып жетелеген,Алдынан теңіз суын қақ айырған,Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан,Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқанҚұдай Иеміз қазір қайда екен?Олар кең далада көсіле шапқанСайгүліктей терең теңіз түбіненЕшбір сүрінбестен-ақ өте шықты.
Выбор основного перевода