Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Неден үрейлене қорықсам, соған тап болдым, қауіптенгендерім жүзеге асты. Маған тыныштық та жоқ, тыным да жоқ. Тынығудың орнына басыма аласапыран күн туды. Өтіп кете алмауым үшін Құдай жолыма бөгет қойды. Ол жүретін соқпағымды түнекпен жауып тастады. Амандық пен тыныштықтың келуін тосудамыз, бірақ жақсы еш нәрсе болмады! Сауығатын кезімізді күтіп келеміз, бірақ басымыздан өткені қорқыныш! — Онда Яһудадан толығымен бас тартқаның ба? Сиондағы қала да Саған жек көрінішті болып кеткені ме? Енді қайтып сауықпайтындай қылып бізге неге соққы бердің? Амандық пен тыныштықты күтіп келеміз, бірақ жақсы еш нәрсе болмады. Сауығатын кезімізді тосып келеміз, бірақ басымыздан өткені қорқыныш!
Выбор основного перевода