Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар мұқтаж адамдарды жолдан итеріп шығарған, елдегі күллі жарлылар жасырынуға мәжбүр. Сондықтан кедейлер жабайы есектей иен даланы шарлап шығып, балаларына құла түзден тамақ іздейді. Олар басқа біреудің егістігінде қалған астық масақтарын жинап, зұлымның жүзімдігіндегі қалған-құтқанды теріп күндерін көреді. Түнде жамылғысыз жатады, суық болғанда жамылатын көрпелері де жоқ. Тауда жауған жаңбырдан үсті-басы су болып, панасыздықтан жартасқа жармасып тығылады. Сол шалдардың қолдарының күшінен маған не пайда? Олар күш-қуаттарынан айырылғандар ғой. Жоқшылық пен аштықтан әлсіреген олар түнде құла түздегі шөп тамырларын кеміріп шарлайтын. Бұталардың түбінен көк шөп теріп, жыңғылдың тамырын да тамаққа пайдаланатын. Олар адамдардың арасынан қуылып, жұрт оларды ұрылардай көріп айқайлайтын. Содан олар жылғалардың арнасын, жердегі шұңқырларды, жартастағы үңгірлерді паналайтын. Қалың нудың арасындағы аңдардай ақырып, тікенді бұталар астында жиналып отыратын. Бұлар — тегі жоқ ақымақтар, жұрт оларды елден қамшылап айдап шыққан.
Выбор основного перевода