Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иә, соларды мұқият сақтап орындаңдар! Себебі осылайша басқа халықтар сендердің даналықтарың мен ақыл-парасаттарыңа көз жеткізіп, осы ережелер туралы естігенде қайран қалып: «Ойпыр-ай, осы үлкен халық неткен дана да парасатты ел еді!» — дейтін болады. Даналықтың бастауы — терең қастерлеуЖаратқан Иені әрі Оған шын бағыну,Мұны ұстанған әркім парасатты болады.Иеміз мәңгі бақи мадақталады! Білімнің бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну.Ал Құдайдан безген надандар болса,Елемейді даналық пен тәрбиені. Паңданып өзіңді «данышпанмын» деп ойлама,Иеңді шын қастерле, зұлымдыққа жолама, Даналықтың бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну,Һәм ақыл-парасат — Киелі ҚұдайдыЖәне Оның еркін жақыннан тану. Ақылды абай болып, пәледен безер,Ақылсыз өркөкірек, бейқам келер. Рақыммен және шындықпен күнәлар кешірілер,Жаратқанды шын қастерлейтін күнәдан аулақ жүрер. Ал енді, айтылғандардың барлығының қорытындысын тыңдайық: Құдайды терең қастерлеп, Оның өсиеттерін орында! Себебі бұл — әр адамның парызы.
Выбор основного перевода