Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Жаратқан Иенің меншігі болатынмынЕжелгі істерін Ол жасамастан бұрын. Бұл дүние жаралмай тұрып, әуелденМәңгілікте мен тағайындалғанмын. Пайда болдым терең теңіз болмағанда,Суға толы қайнарлар ақпағанда, Таулар әлі де орнамай тұрғандаТудым, һәм төбелер жоқ болғанда, Тәңір Ие әлі жаратпастан бұрынЖер, дала, әлемнің алғашқы топырағын. Сонда болдым Ол аспанды орнатқанда,Теңіздің бетінде көкжиекті сызғанда. Жаратушы бұлттарды аспанда орнатқанда,Тереңнен қайнар көздерді нығайтқанда, Теңіз суының ауқымын шектегенде,Өз еркінен тыс тасытпай тежегендеӘрі дүниенің негізін белгілегенде, Оның қасындағы сәулетші мен болғанмын,Күнде Оны қуантып, алдында шаттандым. Жаратқанның әлемінде көңілдендім,Адамзатқа да шат-шадыман болдым».
Выбор основного перевода