Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адам пәк таза болушы ма еді? Әйелден туған пенде әділ бола ала ма? Мені әділетсіздігімнен арылтып,Күнәларымнан түгел тазарта гөр. Мен күнәкар болып дүниеге келдім,Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім. Уа, Құдайым, жүрегімді тазарта гөр,Рухымды берік қылып, жаңарта гөр. Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді. Тәннен — тән, Рухтан — рух туады. Бұдан шығатын қорытынды мынау: бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді. Адамдардың бәрі де ажалды болды, өйткені барлығы күнә жасады. Біз де бұрын сондайлармен бірге болып, күнәлі болмысымыздың құмарлықтарына беріліп, ойымыз бен бойымыздағы тілектерімізді орындадық. Басқаларға сияқты бізге де Құдайдың қаһарының төгілетіні табиғатымыздан белгілі еді.
Выбор основного перевода