Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін! Ақырында Ол осы (өткінші) жерде (мені ақтап) тұратын болады! Күн мен ай нұрын шашып болмайынша,Халқың Сені қастерлесін ұрпақтан ұрпаққа. Дәйім оның ұрпағын нығайтамын,Тағын да көк іспетті шексіз орнатамын. Жердің негізін салғансың әуел баста,Құдіретіңмен жараттың аспанды да. Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады. Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып:— Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді. Барлық нәрсе қалпына келетін уақытқа дейін Құдай Мәсіхті Өзіне қайтарып алды. Сол күндерді Құдай қасиетті пайғамбарларының аузымен баяғыда-ақ жариялап қойған болатын. Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды көрдім. Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады. Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады.
Выбор основного перевода