Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біздің дүниеге келгеніміз кеше ғана, ештеңе білмейміз ғой. Жер бетіндегі өміріміз көлеңкедей өткінші. Қайғыдан көздерім буалдырланып, денемнің құр сүлдері қалды. Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңдаӨте шыққан күн тәрізді қып-қысқа,Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана. Сен лезде-ақ алып кетесің пендені,Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді,Яки далада өскен шөп тәрізді:Таң ата шықса да көгеріп,Кешке қарай қурап қалады семіп. Адамның өмірі көк шөп секілді,Ол гүлдейді дала гүлі тәрізді: Ғайып болар көлеңкедеймін кешкі,Шегірткедей жау қағып жібереді мені. Адам үшін өмірде ненің игі екенін кім біледі? Ол қысқа да мәнсіз күндерімен көлеңкедей сырғып өте шығады ғой. Өзінен кейін осы өткінші дүниеде не болатынын адамға кім білдіреді? — Жар сал! — деп бір дауыс бұйырды.— Не туралы жариялайын? — деп сұрады хабаршы.— Күллі пенде атаулы көк шөп секілді! Бар салтанаты мен сенімділігі дала гүлдеріндей өткінші: Жаратқан Ие ыстық лебін үрлесе, шөп қурап, гүлдер солып қалады. Шынында халық сондай шөпке ұқсайды! ал бай адам қарапайым дәрежесімен мақтансын. Өйткені пенде шөп арасындағы жабайы гүл іспетті бірден құрып кетпек. Күллі пенде атаулы көк шөп секілді!Бар салтанаты дала гүліндей өткінші:Шөп сарғайып қурап, гүл солады,
Выбор основного перевода