Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол:— Мен жүз отыз жыл жат жұрттық болып өмір сүріп келемін. Өмірімнің жылдары әрі аз, әрі азапқа толы болды. Олар аталарымның бөтен елде көшіп-қонып жүріп жасаған жылдарынан әлдеқайда аз, — деп жауап қатты. От ұшқындарының жоғары қарай лап ететініндей, адам баласы да ауыртпалық шегу үшін дүниеге келеді. Көрер күндерім тым қысқа! Мені жайыма қалдыра гөр, бір сәтке көңіл көтеріп тыншиын! Адам пәк таза болушы ма еді? Әйелден туған пенде әділ бола ала ма? Бір қарыстан ұзақ емес өмірім,Қас қағым сәт — ғұмыр жасым Сен үшін.Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі! Ескерші өмірімнің қысқалығын,Қандай бекершілікке адамзатты бұйырдың! Ол өмір бойы міндетін өтеп, азап пен мехнат шегіп жүреді, тіпті түнде де оның ақыл-санасы толықтай тынықпайды. Бұл да бекершілік.
Выбор основного перевода