Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Леуі руының қалған тармағы — Мераридің әулеттеріне мына қалалар берілді: Забулон руынан Жоқнеам, Қарта, Димна, Нахалал атты төрт қала жайылымдарымен қоса; Рубен руынан: Бесер, Жахса, Кедемот, Мефағат атты төрт қала жайылымдарымен қоса; Ғад руынан: Ғилақадта орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Рамот қаласы, Маханайым, Хешебон, Жазер атты төрт қала жайылымдарымен қоса. Осылайша Леуі руының қалған үшінші тармағы — Мерариге әулеттері бойынша белгіленген қалалардың саны он екі болды.
Выбор основного перевода