Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Леуі руының Қахат тармағының қалған бөлігіне Ефрем руының жерінен бөлінген қалалар мыналар болды: Ефремнің таулы өлкесінде орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Сихем қаласы және Гәзер, Кипсаим, Бет-Хорон — барлығы төрт қала жайылымдарымен қоса берілді. Дан руынан Елтеке, Гибетон, Аялон, Ғат-Риммон атты төрт қала жайылымдарымен қоса, әрі Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Тағанах пен Ғат-Риммон атты екі қала жайылымдарымен қоса берілді. Осы он қала мен олардың жайылымдары Қахат тармағының қалған әулеттеріне үлестірілді.
Выбор основного перевода