Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Леуіліктерге белгіленген елді мекендер мен жерлер мыналар: Қахат тармағынан шыққан Һаронның ұрпақтарына бірінші жеребе түскендіктен, оларға Яһудадағы Хеброн қаласы мен оған қарасты жайылымдар табысталды. Бірақ Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халепке бөлініп берілді. Сонымен Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы табысталды. Хеброн абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Һаронның ұрпақтарына мұнан басқа Либна, Ятир, Ештемоға, Хилен, Дебир, Ашан, Юта, Бет-Шәміш қалалары да жайылымдарымен қоса табысталды. Бунямин руынан оларға (Гибеон әрі) Геба, Алемет, Анатот қалалары жайылымдарымен қоса берілді. Һаронның ұрпақтарына әулеттеріне қарай берілген осы қалалардың жалпы саны он үш болды. Ал Мұса халыққа жауап беріп:— Қорықпаңдар, берік тұрыңдар! Бүгін-ақ Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер: бүгін көрген мысырлықтарыңды енді қайтып мәңгі бақи көрмейтін боласыңдар! Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тіл қатты:— Неге айқайлап Мені шақырып тұрсың? Исраилдің үрім-бұтағына: «Алға қарай жылжи беріңдер!» деп бұйыр. Ешуа Жаратқан Иенің өзіне берген бұйрығы бойынша Ефунне ұлы Халепке Яһуда руының жерінен жеке үлес берді. Атап айтқанда, оған Кирият-Арбаны, яғни Хебронды, белгіледі. Қаланың атындағы Арба деген есім алып Анақтың атасын білдірген. Халеп (әулетінің ер адамдарын ертіп) Хеброннан Анақтың Шешай, Ахиман, Талмай есімді үш алып ұрпағын қуып шықты. Сонда исраилдіктер мына қалаларды бас сауғалайтын жер болуға бағыштады: Нафталим руының қыратты Ғалилея жеріндегі Кедешті, Ефремнің таулы өлкесіндегі Сихемді және Яһуданың таулы жеріндегі Кирият-Арбаны, яғни Хебронды,
Выбор основного перевода